Шымкент қаласы ТЖД бастығы генерал-майор Қ. Базарбаевтың төрағалығымен қауіпті өндірістік объектілердің бірінші басшылары мен өкілдерімен жеке кездесу өтті. Іс-шараға Департамент бастығының орынбасары Е. Кисыков, Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері, сондай-ақ Департаменттің өзіндік қауіпсіздік тобының қызметкерлері – азаматтық қорғау полковнигі Б. Кожакеев пен азаматтық қорғау подполковнигі А. Сапарбеков қатысты. Кездесу барысында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылаушы органдар тарапынан ықтимал заңсыз әрекеттер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, ашықтықты арттыру және өзара іс-қимылды күшейту мәселелері қаралды. Сонымен қатар қатысушыларға мұндай фактілер анықталған жағдайда ТЖД-нің бірыңғай сенім телефоны арқылы жедел хабарлау тәртібі түсіндірілді.
Жиын аясында өндірістік қауіпсіздік талаптарын сақтау, профилактикалық бақылау шараларының тиімділігін арттыру және кәсіпорындармен кері байланысты күшейту бойынша пікір алмасты. Қатысушылар өз сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді, бірқатар мәселелер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1201704?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау