Астана қаласында Ақмола облысының балалардың білім беру-сауықтыру орталықтарының жәрмеңкесі өтеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

17 сәуір күні Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында Ақмола облысының балаларға арналған білім беру-сауықтыру орталықтарының жәрмеңкесі өтеді. Бұл — мазмұнды әрі пайдалы шара. Ақмола облысы балалар демалысы үшін ең қолайлы өңірлердің бірі ретінде танылған: ерекше табиғаты, таза ауасы, көркем көлдері және заманауи орталықтары балалардың сауығуы мен дамуына қолайлы жағдай жасайды.

Ақмола облысының Туризм басқармасы балалардың сапалы демалысын ұйымдастыруға ерекше көңіл бөледі, себебі дені сау әрі белсенді ұрпақ қалыптастыру — басты басымдықтардың бірі.

2025 жылғы жазғы маусымның қорытындысы бойынша демалыспен қамту деңгейі 93% құрап, 124 539 бала демалған, түрлі бағыттағы қамту 134 000 балаға жуықтаған. Өңірде 16 лагерь жұмыс істеді, оның 8-і мемлекеттік, 8-і жекеменшік, соның ішінде 2 лагерь жыл бойы, 14 лагерь маусымдық негізде қызмет көрсетті. Жазғы сауықтыру лагерлерінде 15 907 бала (11,6%) демалды, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 1000 балаға артық. Сонымен қатар өңірге басқа облыстардан шамамен 3 200 бала қабылданды.

Өңіраралық ынтымақтастықты дамытуға да ерекше назар аударылуда: 15 мамыр күні Бурабай кентіндегі Интерактивті музей базасында Маңғыстау облысы делегациясы үшін өңірдің жазғы лагерьлерінің таныстырылымы өткізілді.

Жәрмеңке бағдарламасы аясында балалар лагерьлері мен орталықтарының презентациялары, демалыс және даму бағдарламаларымен танысу, сондай-ақ ұйым өкілдерімен еркін пікір алмасу қарастырылған.

Барлық басшыларды, ата-аналарды және қызығушылық танытқан азаматтарды жәрмеңкеге қатысып, балалардың демалысы мен дамуына арналған үздік мүмкіндіктерді таңдауға шақырамыз!

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-tourism/press/news/details/1202480?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version