2026 жылғы 14–16 сәуір аралығында Беларусь Республикасының Минск қаласында антикризистік (арбитраждық) басқарушыларға, мемлекеттік органдар өкілдеріне және төлем қабілетсіздігін реттеу саласындағы өзге де қатысушыларға арналған «Парадная Ассамблея» Минск халықаралық антикризистік конгресі өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасының банкроттық саласындағы уәкілетті органының өкілдері, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің банкроттық саласын реттейтін уәкілетті органдарының өкілдері мен кәсіби сараптамалық қауымдастық қатысты.
Конгресстің негізгі мақсаты – ұйымдарды қаржылық сауықтырудың заманауи тәсілдерін талқылау, банкроттық рәсімдерін жетілдіру, трансшекаралық банкроттық тетіктерін дамыту және төлем қабілетсіздігін реттеу процестеріне цифрлық технологияларды енгізу болды.
Тақырыптық сессиялар шеңберінде банкроттық саласындағы заңнаманы үйлестіру, оның ішінде әртүрлі юрисдикцияларда активтері мен кредиторлары бар жағдайларда рәсімдерді бірыңғай реттеуге бағытталған трансшекаралық банкроттық жөніндегі үлгілік заңды әзірлеу мәселелері қаралды.
Сондай-ақ банкроттық саласындағы цифрлық шешімдерді дамытуға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, төлем қабілетсіздігі істерін электрондық форматта жүргізу және рәсімдерді қағазсыз әкімшілендіруге көшу қарастырылды, бұл процестердің ашықтығын арттырып, әкімшілік жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.
Іс-шара қорытындысы бойынша Конгресс барысында ұсынылған Беларусь Республикасының кәсіпорындарды санациялау және қаржылық сауықтыру саласындағы тәжірибесі қаралып, оны ұлттық тәсілдерді жетілдіру кезінде одан әрі зерделеу және ықтимал қолдану үшін практикалық үлгі ретінде қарастыру қажеттігі атап өтілді.
Конгресстің өткізілуі төлем қабілетсіздігін реттеу саласындағы халықаралық өзара іс-қимылды нығайтудың, бірыңғай тәсілдерді дамытудың және антикризистік басқару саласына заманауи цифрлық шешімдерді енгізудің маңыздылығын растады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1202481?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау