🥈 ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 🥈

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🥈 ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 🥈 Аудандық «Үздік бастауыш сынып мұғалімі – 2026» байқауында жүлделі ІІ орын иеленген әріптесіміз Есботанова Рысгуль Ембергенованы шын жүректен құттықтаймыз! 👏 Бұл – сіздің кәсіби шеберлігіңіз бен шығармашылық ізденісіңіздің, сондай-ақ шәкірт тәрбиелеудегі зор жауапкершілігіңіздің айқын көрінісі. Бастауыш білімнің берік іргетасын қалап, әр баланың жүрегіне білімге деген сүйіспеншілік ұялатып жүрген еңбегіңіз зор құрметке лайық. Сіз тек білім беріп қана қоймай, оқушыларға бағыт-бағдар беретін, олардың қабілетін ашып, тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін нағыз ұстаз екеніңізді тағы бір дәлелдедіңіз. Осындай жоғары жетістікке жету – үлкен еңбектің, табандылықтың және үздіксіз ізденістің нәтижесі. орысша аудармасы Алдағы уақытта да кәсіби шыңдарды бағындырып, шәкірттеріңізбен бірге толағай табыстарға жете беруіңізге тілектеспіз! 🌟 Еңбегіңіз жана берсін, абыройыңыз асқақтай берсін!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-tastobe/press/news/details/1202864?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version