Бүгін Кентау қалалық мәслихатының кезекті 41-ші сессиясы өтті. Сессия отырысына қала әкімі Жандос Тасов, қала әкімінің орынбасарлары, бөлім және мекеме басшылары, ауыл әкімдері қатысты.
Күн тәртібінде үш мәселе қаралды.
1.Кентау қалалық мәслихатының 2025 жылғы 19-желтоқсандағы Nº232 «2026-2028жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2.Кентау қалалық мәслихатының 2025жылғы 25 қарашадағы Nº222 «Мемлекеттік жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешімдеріне өзгеріс енгізу туралы;
3.Кентау қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қалалық мәслихаттың бюджет және бірлескен тұрақты комиссиялар отырысында талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1202863?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау