Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 2026 жылдың жазғы сауықтыру маусымына дайындық іс-шаралары аясында балалар мен жасөспірімдерді сауықтыру қызметін көрсетушілер, облыстық білім басқармасының, аумақтық білім беру басқармалары мен санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының өкілдерінің қатысуымен облыстық семинар ұйымдастырып, өткізді.
Баяндамашы – Департаменттің Білім және тәрбие объектілерін бақылау басқармасының басшысы Майра Белгібаева семинарға қатысушылардың назарына балалардың денсаулығын сақтау бойынша маусымдық іс-шараларды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар жыл сайын жазғы сауықтыру маусымы басталғанға дейін нысанның санитариялық-эпидемиологиялық саладағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (СЭҚ) алу қажеттігін ескертті.
Семинар барысында балаларды сауықтыру ұйымдарына СЭҚ беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары, қала маңындағы маусымдық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында балалар мен жасөспірімдерді күтіп-ұстау және тұрмыстық жағдайына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар түсіндіріліп, семинарға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/1202711?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау