2026 жылғы 16 сәуір күні 5–8 және 10-сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен аралық қорытынды емтихан материалдарын әзірлеу, бекіту және сапалы дайындау мәселелеріне арналған аудандық семинар өткізілді. Семинарға аудан мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты.
Спикерлер ретінде АӘК әдіскері А.И. Байгужинова және де қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері «Бескөл мектеп-колледжі» ЖШС А.Ж. Кулатаева, «№3 Бескөл орта мектебі» КММ Б.К. Мурзанова сөз сөйледі. Білікті мамандар тәжірибелерімен бөлісіп, емтихан материалдарын дайындаудың тиімді жолдарын ұсынды.
Жиын барысында мұғалімдер емтихан тапсырмаларын құрастырудың тиімді жолдарын талқылап, оқу бағдарламасына сәйкес бағалау критерийлерін нақтылады. Сонымен қатар, қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, әдістемелік ұсыныстармен бөлісті, оқушылардың білімін әділ әрі тиімді бағалау жолдары қарастырылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-zhambyl-blagoveshenka/press/news/details/1202709?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау