Атырауда жыл басынан бері 5,1 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Атырау облысы – еліміздің батысындағы әлеуметтік-экономикалық маңызы жоғары өңірлердің бірі. Осыған байланысты жер ресурстарын тиімді пайдалану және басқару мәселесі өңір үшін стратегиялық бағыттардың бірі.
Өңірде ауыл шаруашылығы мақсатындағы игерілмей жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Биыл жалпы көлемі 40 мың гектар жер учаскесін қайтару жоспарланған.
 
Жыл басынан бері жүргізілген шаралар нәтижесінде жалпы аумағы 5,1 мың гектарды құрайтын 13 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Оның ішінде 4,5 мың гектары жайылымдық жерлер болса, 0,6 мың гектары өзге де алқаптарға тиесілі.
 
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін конкурс арқылы жалпы көлемі 11,9 мың гектарды құрайтын 32 жер учаскесі табысталды. Ал аукцион арқылы 9,1 гектар болатын 7 жер учаскесі берілді.
 
Өңірде тұрғын үй құрылысына арналған жер телімдеріне сұраныс та жоғары деңгейде қалып отыр. Қазіргі таңда аталған бағыт бойынша кезекте 180,5 мыңнан астам азамат тіркелген. Есепті кезеңде осы мақсатта 58 жер учаскесі берілді.
 
Жалпы, атқарылып жатқан жұмыстар жер ресурстарын тиімді пайдалану, заңсыз игерілмей жатқан жерлерді айналымға қайтару және тұрғындардың жерге деген сұранысын кезең-кезеңімен қамтамасыз етуге бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-auyl/press/news/details/1202896?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version