Т.Рысқұлов ауданының прокуратурасы Жамбыл облысында Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің үйлестіруімен «Алаш метан» ЖШС-нің құқықтарын қалпына келтірді.
Аталған компания жол бойындағы сервистік нысан — қонақ үй мен автожанармай құю станциясын қамтитын жобаны іске асыруда.
Тексеру барысында аудан әкімдігі тарапынан инвесторға жалпы көлемі 1,6 га жер учаскесін беру туралы қаулы қабылданғаны анықталды. Алайда жер пайдалануға қатысты шарттың жергілікті атқарушы орган тарапынан уақтылы жасалмауына байланысты учаске тіркелмей қалған.
Жер кодексіне сәйкес, уәкілетті орган жер пайдалану шартын қаулы қабылданғаннан кейін 10 күнтізбелік күн ішінде жасауға міндетті. Аталған талап өрескел бұзылған.
Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде уәкілетті орган тиісті жер пайдалану шартын жасасты.
Инвестор жер учаскесіне құқықты тіркеп, құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастады.
Жіберілген бұзушылықтар үшін кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
Қазіргі уақытта жоба белсенді іске асырылу кезеңінде.
Жобаның аяқталуы өңірде жаңа жұмыс орындарының құрылуына және бюджетке тұрақты салық түсімдерінің қамтамасыз етілуіне мүмкіндік береді.
Жамбыл облысының прокуратурасы әкімшілік кедергілерге тап болған инвесторларды +7 (775) 891-25-52 телефоны немесе 115 Call-орталығы арқылы хабарласуға шақырады.
Жамбыл облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhambyl/press/news/details/1202897?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау