Отанға қызмет ету – құрметті міндет

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбылдық құтқарушылар жастарды ТЖМ қатарында қызмет етуге шақыруда. ТЖД Қорғаныс істері жөніндегі департаментпен бірлесіп, жастарды ТЖМ азаматтық қорғаныс әскери бөлімдеріне тарту мақсатында профилактикалық және үгіт-насихат жұмыстарын бастады. Кездесулер барысында ТЖМ өкілдері азаматтық қорғаныс жүйесінің қызметі, құрылымы және әскери қызмет өткеру шарттары туралы айтып берді. Сондай-ақ төтенше жағдайлар кезіндегі құтқарушылардың жұмысы туралы бейнематериалдар көрсетілді. Аталған жұмыстар облыстың барлық аудандарында жүргізілуде.

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1203586?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version