Қорғалжын ауданында маңызды мәжіліс өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 16 сәуірде Қорғалжын ауданы әкімінің төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кезекті мәжіліс өтті.

Жиын барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды.

Атап айтқанда:
🔹 аудан аумағында ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар;
🔹 дала өрттерінің алдын алу және оларды жоюға дайындық барысы;
🔹 сауда объектілеріндегі есеп айырысуларды бақылау арқылы салық түсімдерін арттыру шаралары.

Мәжіліс барысында жауапты сала басшылары баяндама жасап, көтерілген мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар енгізді.

Жиын қорытындысы бойынша аудан әкімі барлық жауапты мекеме басшыларына нақты тапсырмалар беріп, олардың сапалы әрі уақтылы орындалуын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

Қаралған мәселелер ауданның тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-korgaljin/press/news/details/1202840?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version