Арыс қаласы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілері үшін заңнама талаптары бойынша түсіндіру жиыны өтті.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Мақсат Көпеев арнайы келіп, мемлекеттік қызметшілерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жиын барысында мемлекеттік қызметте болуға қатысты шектеулер, сондай-ақ қызметтік міндеттерді атқару кезінде және одан тыс уақытта әдеп нормаларын сақтау міндеті түсіндірілді.
Сондай-ақ қатысушыларға 2026 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енген мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа тәртібі туралы ақпарат берілді. Жаңа жүйе іріктеудің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталғанын назарларына жеткізді.
Сонымен бірге, Арыс қаласы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі Талғат Анашбеков сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау бағытындағы шаралар бойынша баяндама жасап, осы бағыттағы негізгі талаптар мен жауапкершіліктерді атап өтті.
Іс-шара соңында мемлекеттік қызметшілер көкейдегі сұрақтарына жауап алып, заң талаптарын тәжірибеде қолдану мәселелерін талқылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-arys/press/news/details/1202839?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау