Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті мемлекеттік кәсіпорындардың қызметіне жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның атына Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі нормаларының бұзушылықтарын тоқтату туралы нұсқама енгізді.
Департамент тарапынан монополияға қарсы органмен келісілмеген қызмет түрлерін жүзеге асыру фактісі анықталды, атап айтқанда — әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру тетіктерін іске асыру.
Нұсқама орындалды: кәсіпорын тарапынан тиісті экономикалық қызмет түрлерін келісу үшін өтініш жолданды.
Сурет ашық дереккөзінен алынды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/press/news/details/1202973?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау