Кеңеске аудан елді мекендерінің әкімдері мен тиісті сала өкілдері қатысты.
Үйлестіру кеңесін Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Куркинбаева Гульнар Утебаевна ашты.
Кеңес барысында Бейнеу аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ж.Т. Танбаева, Бейнеу көпбейінді орталық аудандық ауруханасы басшысының орынбасары Қ.Қ. Туйебаев және аталған аурухананың фтизиопедиатры Ж.М. Шалабаева баяндама жасады.
Баяндамаларда 2026 жылдың алғашқы үш айындағы эпидемиологиялық ахуал, Қазақстан Республикасының Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес тұрғындарды жоспарлы екпелермен қамту деңгейі, сондай-ақ туберкулез инфекциясының өзекті мәселелері мен оның алдын алу шаралары жан-жақты қарастырылды.
Кеңес қорытындысы бойынша қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді, алдағы кезеңге нақты тапсырмалар жүктелді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-mangistau/press/news/details/1204137?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау