БАТЫРЛАР РУХЫ СІҢГЕН КИЕЛІ ШАҺАРДА «БАБАЛАР МҰРАСЫ – ҰРПАҚҚА ҰЛАҒАТ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қолөнершілер орталығында «Бабалар мұрасы – ұрпаққа ұлағат» атты эпостық жырлар мен қисса-дастандарды жатқа айтудан балалар мен жасөспірімдерге арналған облыстық байқау ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтті.
 
Шараның негізгі мақсаты – ұлттық ауыз әдебиетін кеңінен насихаттау, батырлар мұрасын ұлықтау, жас ұрпақтың рухани танымын арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
 
Байқау барысында қатысушылар қазақ халқының бай рухани мұрасын дәріптеп, эпостық жырлар мен қисса-дастандарды мәнерлеп жатқа айту арқылы өз өнерлерін паш етті.
 
Байқау қорытындысы бойынша
 
Бас жүлде – Басымбек Бинұр (Мақтаарал ауданы)
I орын – Өтебек Аяулым (Түркістан қаласы)
II орын – Ергешбай Айзере (Қазығұрт ауданы)
II орын – Бейсенбай Айханым (Шардара ауданы)
III орын – Нурмурат Нұраят (Жетісай ауданы)
III орын – Рахымбай Құрманай (Қазығұрт ауданы)
III орын – Момиш Алмаз (Кентау қаласы) жүлделі орындар анықталып ,сонымен қатар қатысушыларға арнайы жүлделер табысталды.
 
Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.
 
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-madeniet/press/news/details/1204138?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version