2026 жылғы 28 сәуірде БЖЗҚ барлық ниет білдірушілерді “Ашық есік күні” дәстүрлі онлайн-кездесуіне шақырады, онда Қор мамандары invest.enpf.kz жаңа инвестициялық порталы және ол арқылы салымшылардың қандай мүмкіндіктерге ие болатыны туралы алғаш рет егжей-тегжейлі айтып береді.
Кездесу барысында сіз келесі мәліметтермен таныса аласыз:
- платформа қалай жұмыс істейді;
- зейнетақы активтерін инвестициялау жүйесінің құрылымы қандай;
- инвестициялық көрсеткіштерді қалай талдап, стратегияларды қалай салыстыруға болады;
- басқарушыны таңдағанда неге назар аудару керек;
- өз мүмкіндіктеріңізді саралау үшін invest.enpf.kz порталын қалай пайдалануға болады;
- салымшылардың болашақ зейнетақыға әсер ету үшін қандай нақты құралдары бар.
Қатысушылар өздерін қызықтырған кез-келген сауалдарға Қор мамандарынан түсініктемелер, сондай-ақ жеке кеңестер ала алады.
«Ашық есік күні» 2026 жылдың 28 сәуірі күні 10-00, 12-00, 15-00 онлайн-форматта өтеді.
Іс-шараға қатысу үшін тіркелу керек.
2026 жылдың 28 сәуірінде сағат 10-00 сілтеме: https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=md924e71a00c6ba9375ed8fe9b8ab3ee1
Еvent-мәжіліс нөмірі 2514 643 8006
Еvent-мәжіліс құпиясөзі: 00000
2) 2026 жылдың 28 сәуірінде сағат 12-00 сілтеме:
https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=mf768b538d1f9df51b24c09fd92a5a7d0
Еvent-мәжіліс нөмірі : 2515 084 3303
Еvent-мәжіліс құпиясөзі: 00000
3) 2026 жылдың 28 сәуірінде сағат 15-00 сілтеме:
https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m3b393efda5212fa29b94b82c41d95f36
Еvent-мәжіліс нөмірі : 2516 472 3737
Еvent-мәжіліс құпиясөзі: 00000
«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күнінде» өз салымшыларын (алушыларын) және барлық ниет білдірушілерді күтеді!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-shu/press/news/details/1204247?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау