Түркістан қаласында өткен «AL-FARABI» республикалық интеллектуалды ойынының финалдық кезеңінде Келес ауданының намысын қорғаған команда жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орынға ие болды.
Аталған жоба – жастардың білімге деген қызығушылығын арттыруға, зияткерлік әлеуетін дамытуға және ой-өрісін кеңейтуге бағытталған маңызды бастамалардың бірі. Финалдық кезеңге іріктелген үздік командалар қатарында Келес жастары да өз білімдері мен біліктілігін лайықты деңгейде көрсете білді.
Сайыс барысында келестік қатысушылар терең білімдерін, логикалық ойлау қабілеттерін және жылдам шешім қабылдау дағдыларын айқын дәлелдеді. Әр кезеңде жоғары дайындық танытып, тартысты бәсекеде мықтылар қатарынан көрінді. Командалық үйлесім мен бірлік олардың басты артықшылығына айналды.
Келес жастарына қолдау көрсету мақсатында аудан әкімінің орынбасары Даурен Сариев арнайы барып, қатысушыларға сәттілік тілеп, финалдық кезеңді бірге тамашалады.
Нәтижесінде, сайыс қорытындысы бойынша Сайрам ауданының «IQ Elite» командасы бірінші орынды иеленсе, Алматы қаласының «A team» командасы екінші орынға тұрақтады, ал Келес ауданының «Kelesoilap» командасы жүлделі үшінші орынды жеңіп алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1204248?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау