Ақмола облысының құтқарушыларына қызметтік тәртіп пен этика мәселелері түсіндірілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көкшетау қаласында отбасылық-тұрмыстық жанжалдардың алдын алу, жол қозғалысы ережелерін сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын орындау бойынша профилактикалық іс-шара өткізілді.

 

Көкшетау қаласының №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде жеке құрам арасында отбасылық-тұрмыстық жанжалдардың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды. Залда қатысқан қызметкерлерден бөлек, іс-шараға аудандық бөлімшелер бейнеконференцбайланыс арқылы қатысты.

Кездесу барысында Көкшетау қаласы полиция басқармасының өкілі отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтарға жол бермеуге қатысты құқықтық аспектілерді жан-жақты түсіндірді. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мұндай құқық бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілік шараларына ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, жеке құрамға жол қозғалысы ережелерін сақтау, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын орындау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау қажеттілігі жеткізілді.

Іс-шара соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, практикалық жағдайлар бойынша түсіндірмелер алды.

Мұндай кездесулерді өткізу қызметтік тәртіпті нығайтуға, қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және қызмет пен қоғамға деген жауапты көзқарасты қалыптастыруға ықпал етеді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-akmola/press/news/details/1204267?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version