ТЖМ құтқарушылары суда профилактикалық рейдтер жүргізуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  Маңғыстау облысында Каспий теңіз жағалауында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тұрақты түрде рейдтік жұмыстар жүргізілуде.

  Рейдтер кезінде ТЖД мамандар азаматтарға рұқсат етілмеген жерлерде шомылудың қауіптілігі, ауа райының күрт өзгеруі кезіндегі сақтық шаралары, сондай-ақ балаларды қараусыз қалдырмау қажеттігі туралы кеңінен ақпарат беруде.

  2025 жылы 1100-ден астам рейд жүргізілді, оның барысында 50 адам құтқарылды. 2026 жылдың басынан бері 19 рейд өткізіліп, 2 адам құтқарылды

  Іс-шаралар барысында құтқарушылар демалушыларға судағы қауіпсіздік ережелерін еске салып, профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

  ТЖМ жеке қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарап, белгіленген ережелерді қатаң сақтауға шақырады.

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1204268?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version