Алматы қаласы Алмалы ауданындағы тұрғын үй алаптарының бірінде қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің және аудандық полиция басқармасының қызметкерлерінің қатысуымен тұрғындармен кездесу өтті.
Кездесу барысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экологиялық нормаларды сақтау, сондай-ақ «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру мәселелері кеңінен талқыланды.
Мүліктік қылмыстардың алдын алу мәселесіне ерекше назар аударылды. Полицейлер тұрғындарға подъездер мен аулаларда қараусыз қалдырылатын самокаттар, велосипедтер мен балалар арбалары жиі ұрлық нысанына айналатынын ескертті.
«Мұндай құқық бұзушылықтар, әдетте, жүйелі сипатқа ие және қолайлы жағдай туындағанда жасалады. Біздің міндет – қылмысты ашумен қатар, оның алдын алу. Тұрғындарды жеке мүлкін сақтауға жауапкершілікпен қарауға, оны қараусыз қалдырмауға және қорғаныс құралдарын пайдалануға шақырамыз», – деді Алматы қаласы ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаев.
Кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары бойынша жан-жақты түсіндірмелер алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-almaty/press/news/details/1204259?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау