18 сәуір күні Табыс коммуналдық базары алаңында Қобда, Ойыл және Байғанин аудандарынан келген ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен жәрмеңке өтті. Шара барысында өндірушілер жалпы көлемі 4,5 тонна ет өнімдерін және 2 тоннадан астам сүт өнімдерін қала тұрғындарына ұсынды.
Жәрмеңкеде ұсынылған тауарлар нарықтық бағадан 15–20 пайызға төмен сатылып, тұрғындар мен қала қонақтарына сапалы әрі табиғи өнімдерді тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік берілді. Сонымен қатар, келушілерге ет және сүт өнімдерімен бірге «Ауыл аманаты» жобасы аясында өндірілген түрлі тауарлар да ұсынылды.
Осындай жәрмеңкелер 2026 жылдың соңына дейін әр сенбі сайын тұрақты түрде өткізіліп отырады. Бұл бастама өңірдегі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне өз өнімдерін делдалсыз, тікелей тұтынушыларға жеткізуге жол ашады. Нәтижесінде, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бағаны тұрақтандыру және отандық өндірушілерді қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылмақ.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-auyl/press/news/details/1204004?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау