Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Салтанат Жүніспекова «24 KZ» телеарнасындағы «Интервью» бағдарламасына қатысты.
Эфир барысында ол сот жүйесіндегі кадрлық саясатты реформалаудың негізгі нәтижелерін ұсынды.
Оның айтуынша, 2025 жыл судьялардың тәуелсіздігін нығайтуға және судьялар корпусын сапалы жаңартуға бағытталған кешенді трансформация кезеңі болды.
Қабылданған шаралар судья кадрларының созылмалы тапшылығынан оны жүйелі түрде қысқартуға көшуге мүмкіндік берді: конкурс рәсімдерінің мерзімі 6 айдан 1,5 айға дейін қысқартылып, олардың саны жылына 6-ға дейін ұлғайтылды.
Кандидаттар қатарын кеңейту мақсатында 13 мыңнан астам қатысушыны қамтыған онлайн-семинарлар циклі өткізілді, бұл бір орынға шаққандағы бәсекелестікті 12 үміткерге дейін арттырды.
Судьяларды тағайындау тәсілдері жаңартылып, басымдық жаңа кандидаттарға, оның ішінде Әділет академиясының түлектеріне берілді. Сонымен қатар, рәсімдердің ашықтығы жарияланымдар мен онлайн-трансляциялар арқылы күшейтілді.
Спикер Жоғары Сот Кеңесі қызметінің ашықтығының артқанын ерекше атап өтті.
Оның айтуынша, Кеңес Төрағасы Дмитрий Малаховтың бастамасымен азаматтарды күнделікті қабылдау енгізілді: 2025 жылы 220-дан астам адам қабылданды, оның ішінде 56 судья (бұған дейінгі 5 жылда — 26 азамат, оның ішінде 4 судья).
БАҚ-пен жұмыс жанданды: ОКҚ алаңында 4 брифинг өткізілді (бұрынғы 5 жылда — 1), 30-дан астам теле және радиоға сұхбат беріліп, 200-ден астам материал жарияланды. Қызмет және конкурс рәсімдері туралы ақпарат ресми аккаунттарда күн сайын орналастырылып отыр.
Біліктілік емтиханы реформаланды: мерзімі 3 айға дейін қысқартылып, талаптар күшейтілді, емтиханды сәтті тапсырғандардың үлесі 24,5%-ды құрады.
Меритократия қағидаттарын дамыту судьялардың мансаптық ілгерілеуінің негізгі құралына айналған кадрлық резерв арқылы қамтамасыз етілді.
2025 жылы 151 судья тағайындалды, бұл жаңадан тағайындалған судьялар санының өкілеттігін тоқтатқан судьялар санынан асып кетуін қамтамасыз етті (кадрлық толықтыру — 130%-дан асты), ал 2026 жылдың басынан бері 128 судья тағайындалды, бұл бос орындар деңгейін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік берді.
Сөз соңында ол барлық жүзеге асырылып жатқан шаралар қоғамның сот жүйесіне деген сенімінің негізі ретінде кәсіби әрі тәуелсіз судьялар корпусын қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/1204003?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау