№10 мекемеде цифрландыруға бағытталған пилоттық жоба іске қосылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №10 мекемеде сотталғандарды еңбекке тарту мен цифрландыруды біріктіретін пилоттық жоба іске қосылды.

Жоба ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің қолдауымен, 2026 жыл — «Цифрландыру жылы» аясында жүзеге асырылуда.

Мекемеде цифрлық интернет-сауда жүйесі енгізіліп, тапсырыстар арнайы терминалдар арқылы қабылданады, төлемдер қолма-қолсыз жүргізіледі және барлық операциялар бухгалтерлік жүйемен біріктірілген.

Сонымен қатар «2 in 1» форматындағы аспаздық модуль іске қосылып, онда тапсырыс қабылдау және өнім өндіру цехы жұмыс істейді.

Қазіргі таңда 6 сотталған еңбекпен қамтылған. Олар өндіріс, тарату және қойма жұмыстарына тартылған, сондай-ақ кәсіби оқудан өтуде.

Жоба нәтижесінде жұмыс орындары ашылып, тапсырысты орындау уақыты қысқарып, шығындар азайды және цифрлық бақылау күшейтілді. Жоба бюджет қаражатынсыз, серіктес компанияның қолдауымен жүзеге асырылған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisalmjetobl/press/news/details/1204897?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version