Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №10 мекемесінде сотталғандармен тәрбие жұмысы шеңберінде «Томирис» және «Жау жүрек мың бала» көркем фильмдері көрсетілді.
Іс-шаралар идеологиялық, патриоттық және адамгершілік-тәрбиелік бағыттағы жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.
Фильмдерді көрсету сотталғандар арасында патриоттық құндылықтарды қалыптастыруға, тарихи мұраға құрмет сезімін арттыруға және адамгершілік тәрбиені нығайтуға бағытталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisalmjetobl/press/news/details/1204896?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау