Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №57 мекемеде сотталғандармен күнделікті тәрбие және психологиялық бағыттағы жүйелі жұмыстар атқарылуда.
Жасақ бастықтары мен психолог мамандар сотталғандардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиелік мәні бар түсіндіру әңгімелерін және рухани-профилактикалық іс-шараларды тұрақты негізде өткізуде.
Аталған жұмыстардың негізгі мақсаты — сотталғандардың түзелуіне ықпал ету, оларды заңға бағынатын қоғам мүшесі ретінде қалыптастыру, сондай-ақ әлеуметтік бейімделу процесін қолдау.
Мекеме қызметкерлері мұндай іс-шаралардың сотталғандардың мінез-құлқын түзетуге және өмірлік құндылықтарын қайта қарауға оң әсер ететінін атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisalmjetobl/press/news/details/1204893?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау