20.04.2026 жылы Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Тіркеу қызметі және коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу саласындағы бақылау бөлімі «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалының Өскемен қаласының Халыққа қызмет көрсету жөніндегі №1 бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп заңды тұлғаларды тіркеу, азаматтық хал актілері мен ресми құжаттарға апостиль қоюы саласындағы мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша семинар өткізді. Семинар барысында ағымдағы жылдың І тоқсанының қорытындылары, көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны, оларды көрсетуден бас тартулар мен қайтарулар саны, оның ішінде ХҚКО қызметкерлерінің кінәсінен болған жағдайлар қаралып, олардың алдын алу және азайту бойынша ұсыныстар талқыланды.
Заңды тұлғаларды тіркеу саласындағы тіркеуші орган қызметкерлері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінен келіп түскен, атауларында терминологиялық қателіктер мен дұрыс емес аудармалар бар тіркелген медициналық ұйымдар туралы хатпен таныстырылды.
Мысалы: «Многопрофильный медицинский центр» қазақ тілінде «Көпсалалы медицина орталығы» деп тіркелген, ал «многопрофильный» сөзінің дұрыс аудармасы – «көпбейінді», кейбір инфекциялық медициналық ұйымдар «Жұқпалы» деп тіркелген, дұрыс нұсқасы – «Инфекциялық». Сондай-ақ, атауында екі ұйымдық-құқықтық нысан қатар қолданылған заңды тұлғаларды тіркеуге жол бермеу (мысалы, «Мүгедектер қоғамдық бірлестігі» ЖШС, «МИБ Сымбат» ЖШС), сондай-ақ атауында мемлекеттік органдардың атаулары көрсетілген ЖШС-ларды тіркеуге жол бермеу (мысалы, «ҚР ІІМ ДП АвтоХОЗУ» ЖШС, «ҚР ІІМ ӘПБ АвтоХОЗУ» ЖШС, «Алматы қ. ММ ХОЗУ» ЖШС) мәселелері де талқыланды.
Семинардан кейін ХҚКО бөлімінің базасында Әділет департаментінің қызметкерлерімен халықпен кездесу өткізілді. Аталған іс-шара барысында тіркеу қызметі саласында кеңес алғысы келетін өтініш берушілер үшін құқықтық көмек көрсетілді. Негізгі назар ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға байланысты пәтер иелері кооперативтерін қайта тіркеу мәселелеріне, сондай-ақ ресми құжаттарды апостильдеу саласындағы электрондық қызметтерге аударылды.
Халықмен кезедесу барысында қызмет алушылар арасында ресми құжаттарды электрондық форматта апостильдеу жөніндегі мемлекеттік қызметті алу алгоритмі және ПИК, ПИТК қайта тіркеу жөніндегі буклеттер таратылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shko/press/news/details/1204911?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау