Ағымдағы жылдың 20 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімімен «Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жаратылыстану-математика бағытындағы филиалында «Зияткерлік меншік және спорт: стартқа, назар, инновациялар!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараға мектеп оқушылары мен бейнелеу өнері пәнінің мұғалімдері қатысты.
Кездесу барысында зияткерлік меншіктің маңызы, авторлық құқықтарды қорғау мәселелері, сондай-ақ қазіргі қоғамдағы инновациялар мен шығармашылықтың рөлі кеңінен талқыланды.
Қатысушыларға зияткерлік меншік саласындағы негізгі түсініктерді түсіндіріп, нақты мысалдар келтірілді.
Сонымен қатар, іс-шара аясында фитнеспен айналасуға арналған спорттық киім дизайны байқауы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Оқушылар белсенділік танытып, сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдіріп, талқылауға қатысты.
Аталған іс-шара жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және инновациялық ойлауын қалыптастыруға бағытталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shko/press/news/details/1204909?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау