2026 жылғы 17 сәуір – Жер күніне орай, Көкшетау қаласы прокуратурасының үйлестіруімен пробация қызметі бөлімі экологиялық іс-шара ұйымдастырып, өткізді.
Аталған акцияға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар қатысты. Іс-шара барысында әкімшілік ғимараттың іргелес аумағында 15 түп алма ағашының көшеті отырғызылды.
Осындай бастамаларды өткізу қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыруға бағытталған, сондай-ақ сотталғандардың әлеуметтік бейімделуіне, олардың жауапкершілігі мен құқықтық санасының дамуына ықпал етеді.
Қоғамдық пайдалы қызметке қатысу сотталғандардың мінез-құлқына оң әсерін тигізіп, олардың еңбекке тартылуына ықпал етеді және түзелу процесінде маңызды рөл атқарады.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1205216?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау