Құрметті ата-аналар, түлектер және педагогтер!
Оқу жылы аяқталуға жақын. 25 мамыр күні түлектер үшін соңғы қоңырау соғылады.
Ағымдағы жылы Железин ауданында 9-сыныпты 183 түлек, 11-сыныпты 85 түлек аяқтайды.
Білім бөлімі барлық бітіру іс-шаралары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің талаптарына қатаң сәйкес ұйымдастырылып, өткізілетінін хабарлайды.
Ерекше назар аударамыз: аттестаттарды тапсыру салтанатты рәсімдері тек білім беру ұйымдарының ғимараттарында өткізіледі. Мектептен тыс жерде бітіру кештерін өткізуге жол берілмейді.
Сонымен қатар, білім алушылардан және олардың ата-аналарынан (заңды өкілдерінен) ақша қаражатын және өзге де материалдық құндылықтарды жинауға қатаң тыйым салынады.
Бұл шаралар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, олардың құқықтарын қорғауға және барлық түлектер үшін тең жағдай жасауға бағытталған.
Білім беру ұйымдары тарапынан қаржылық шығындарды талап етпейтін іс-шаралар өткізіледі.
Бітіру іс-шаралары кезеңінде ішкі істер органдары қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Барлық білім беру үдерісіне қатысушылардан белгіленген талаптарға түсіністікпен қарап, олардың мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етуді сұраймын.
Назарларыңызға рақмет!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhelezin-bilim/press/news/details/1205218?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау