Петропавлдағы Жеңіс саябағынан полицейлер үш жүк көлігі қоқыс шығарды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Петропавлдағы Жеңіс саябағы жаңарып, көркейе түсті — мамыр мерекелері қарсаңында онда 500-ге жуық полиция қызметкері сенбілік өткізді.

Қала тұрғындарының сүйікті демалыс орындарының бірін тазалауға кезекшілікте жоқ барлық қызметкерлер шықты. Саябақтың 85 мың шаршы метр аумағы учаскелерге бөлінді. Жеке құраммен бірге қоғамдық жұмысқа Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің және Петропавл қ. полиция басқармасының басшылығы да қатысты.

СҚО ПД бастығы, полиция полковнигі Абай Жүсіпов сенбілік өткізілетін орын кездейсоқ таңдалмағанын атап өтті: іс-шара «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылып, алдағы көктемгі мерекелерге, оның ішінде Жеңіс күніне арналды.

Тәртіп сақшылары қыс бойы жиналған жүздеген қап қоқысты жинап, сыртқа шығарды. Бұл үшін үш ауыр жүк көлігі мен екі тиегіш техника жұмылдырылды.

Полицейлер қала және облыс тұрғындарын өз үлестерін қосып, елді мекендерді абаттандыруға қатысуға және Жеңіс сарбаздарының ерлігін еңбектерімен құрметтеуге шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/1205606?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version