Қызылағаш ауылдық округі әкімінің аппаратында аппарат мамандарының қатысуымен жұмыс кеңесі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қызылағаш ауылдық округі әкімінің аппаратында аппарат мамандарының қатысуымен жұмыс кеңесі өтті. Кездесу барысында мемлекеттік қызмет сапасын арттыру және халық сенімін нығайтуға тікелей байланысты екі маңызды әрі өзекті мәселе қаралды.

🔹 Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік
Бірінші тақырып аясында сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік қалыптастыру, қызметтік міндеттерді орындау кезінде және қызметтен тыс уақытта сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын, заңдылық, ашықтық және жауапкершілік қағидаттарын қатаң әрі мүлтіксіз сақтау қажеттігі атап өтілді.
Қызылағаш ауылдық округінің әкімі кез келген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін бірінші басшының жеке жауапкершілікке тартылатынын атап өтті. Сонымен қатар, әрбір мемлекеттік қызметші тек құқықтық алаңда әрекет етіп, мүдделер қақтығысына және қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалануға жол бермеуі тиіс екені айтылды.

🔹 Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары
Екінші тақырып мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп мәселелеріне арналды. Әдеп кодексін, қызметтік мінез-құлық нормаларын сақтау, азаматтарға құрметпен әрі сыпайы қарым-қатынас жасау маңыздылығы атап өтілді. Мемлекеттік қызметші адалдықтың, парасаттылықтың және жоғары қарым-қатынас мәдениетінің үлгісі болуы тиіс екені, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасын қызметтік міндеттерін орындау кезінде де, қызметтен тыс уақытта да қатаң сақтауы қажет екені баса айтылды.

Кеңес қорытындысы бойынша аппарат мамандарына сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті арттыру және мемлекеттік қызметтің әдеп стандарттарын нығайтуға бағытталған тиісті тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-aksu-kyzylagash/press/news/details/1205607?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version