Қала әкімі Ернат Бәзіл Моңғолияның Қазақстандағы Елшісі Гунаажавын Батжаргалмен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Астана қаласындағы Моңғолия Елшілігінде Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл Моңғолияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Гунаажавын Батжаргалмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Налаяқ қаласы мен Талдықорған қаласы арасында екіжақты ынтымақтастықты нығайту мақсатында меморандумға қол қойылды. Тараптар ауыл шаруашылығы, экономика және мәдени байланыстарды дамыту, сондай-ақ сауда-экономикалық қарым-қатынасты жандандыру бағытындағы нақты ұсыныстарын талқылады.

Қала әкімі Ернат Бәзіл:

«Халықаралық әріптестікті дамыту біздің ортақ мақсатымыз. Бүгінгі кездесу барысында айтылған ұсыныстар екіжақты байланысты жаңа деңгейге көтеруге негіз болады. Барлық бастамалар жан-жақты қаралып, нақты нәтижеге бағытталған жұмыстар қолға алынады. Осындай ынтымақтастық алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, екі ел арасындағы достық пен серіктестікті нығайта түседі», – деді.

Сонымен қатар, қала әкімі Моңғолияның Қазақстандағы Елшісі Гунаажавын Батжаргалды еліміздің туристік аймақтарына келіп, Жетісу өңірінің әсем табиғатымен танысып, ерекше әсер алып қайтуға шақырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-taldykorgan/press/news/details/1205608?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version