Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М.Т. Ошурбаев пен Жапонияның жаһандық экология мәселелері жөніндегі министрінің орынбасары Дои Кэнтароның кездесуі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М.Т. Ошурбаев пен Жапонияның жаһандық экология мәселелері жөніндегі министрінің орынбасары Дои Кэнтароның кездесуі өтті.

Әңгіме барысында тараптар қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Қазақстан тарапы Өңірлік экологиялық саммитке қатысқаны үшін алғыс білдірді.

Қазақстан Жапониямен әріптестікті жоғары бағалайды және оны төмен көміртекті даму мен озық экологиялық технологияларды енгізу саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың басым бағыттарының бірі ретінде қарастырады.

Климаттың өзгеруі саласындағы екіжақты әріптестіктің негізгі байланыстырушы тетіктерінің бірі — Бірлескен кредиттеу тетігі (JCM) бойынша ынтымақтастық туралы меморандум болып табылады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықты нығайту ниетін растады және өзекті экологиялық мәселелерді шешу бойынша одан әрі өзара іс-қимылға дайын екендіктерін білдірді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1205263?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version