Бүгін аудандық прокуратура, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспектор, қорғаншылық және қамқоршылық бөлімі, отбасын қолдау орталығы, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия өкілдері бірлесіп, «қолайсыз отбасылардың» тұрмыстық жағдайын тексеру мақсатында үйлерді аралады.
Тексеру барысында ата-аналарға зиянды әдеттердің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, балалардың өмір сүру жағдайының қауіпсіздігі мен қолайлылығы қарастырылды.
Аталған шара барысында бір отбасының мүшелері алкогольдік мас күйде болғаны анықталып, кәмелетке толмаған бала арнайы балаларды қолдау орталығына орналастырылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-baiterek/press/news/details/1205078?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау