15 наурызда өткен Республикалық референдумды жоғары деңгейде ұйымдастыруға және өткізуге белсенді атсалысып, Ел тағдырына бейжай қарамай, азаматтық жауапкершілік танытып, қоғамдық-саяси маңызы зор науқанға қосқан үлесі үшін ҚР Президенті Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаветың Алғыс хатымен №419 учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Лаура Ауесханқызы Мырзаханова және ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Мәжитұлы Әбдіровтың Алғыс хатымен Шу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Бақытжан Рахметалиұлы Аханов марапатталды. Марапатты Шу ауданының әкімі Бақытжан Оразалыұлы Жәнібеков табыстады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-shu/press/news/details/1205226?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау