Ұлытау облысына «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің ұстазы, исламтану магистрі Жомарт Кершеев арнайы сапармен келіп, өңір тұрғындарымен бірқатар ақпараттық-түсіндіру кездесулер өткізді.
Сапар аясында ол мемлекеттік қызметкерлермен, оқушылармен, спортшылармен, сондай-ақ №62 түзету мекемесінде жазасын өтеуші азаматтармен кездесіп, діни сауаттылық, рухани тәрбие, дәстүрлі құндылықтар және қоғам алдындағы жауапкершілік мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар, Жезқазған қаласындағы «Жез медресе» сауат ашу орталығында жамағатпен еркін сұхбат ұйымдастырылды.
Сапар барысында белгілі теолог Елдос Жұмаділдәмен бірге «Кімге еріп жүрсің?» тақырыбында подкаст түсіріліп, жастардың діни таңдауы, жалған діни ақпараттан сақтану және дұрыс бағыт-бағдарды тану мәселелері сөз болды.
Кездесулердің негізгі мақсаты — тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру, жастар арасында дұрыс дүниетаным қалыптастыру және деструктивті идеологиялардың алдын алу.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-din/press/news/details/1205225?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау