«Айқын нәтиже» жобасы аясында мектепте жасанды интеллект негізіндегі бейнебақылау жүйесі енгізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Н. Махмутов Маңғыстау облысының прокуроры Серікқали Жанбыбекұлының «Айқын нәтиже» жобасы аясында өткізген жиналысына қатысты.

Жоба аясында Мұнайлы ауданы Атамекен ауылдық округіндегі №12 жалпы білім беретін мектепке жасанды интеллект технологияларын қолданатын пилоттық бейнебақылау жүйесі орнатылды.

Меморандумның орындалуын қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімінің өкімімен арнайы жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына аудан прокурорының орынбасары, аудан прокуратурасының прокуроры, Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің бастығы, аудан әкімінің орынбасары, учаскелік полиция инспекторы, аудандық білім бөлімінің басшысы, мектеп директоры және мектеп психологы енгізілді.

Орнатылған жүйе құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтауға, олардың алдын алуға және кінәлі тұлғаларды жедел анықтауға мүмкіндік береді.

Жоба аясында орнатылған жасанды интеллект негізіндегі 1 бейнебақылау камерасы сынақ режимінде жұмыс істеуде және мектеп аумағындағы 39 бейнекамерадан тұратын жалпы сервер жүйесіне біріктірілді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1206485?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version