Жауапкершілік пен жол қауіпсіздігі мәдениетін дамытуға бағытталған іс-шара өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жаңаөзен қаласындағы №22 жалпы білім беретін мектепте оқушылар арасында жол қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыруға арналған сайыс ұйымдастырылды.

Іс-шараға 5 команда қатысып, олар 8 түрлі кезең бойынша өз білімдері мен дағдыларын көрсетті. Қатысушылар жол қозғалысы ережелерін білу деңгейін, төтенше жағдайларда әрекет ету қабілетін, алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын және командалық жұмысын көрсетті.

Сонымен қатар, оқушылар жол белгілерін тану, ситуациялық тапсырмаларды шешу және шығармашылық үгіт-насихат көріністерін ұсыну бойынша бақ сынады. Барлық кезеңдер әділқазылар алқасы тарапынан бағаланды.

Сайыс қорытындысы бойынша финалдық кезеңге №8 жалпы білім беретін мектептің “Жас патруль” командасы жолдама алды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар оқушылардың жауапкершілігін арттырып, жолда қауіпсіз жүріс-тұрыс мәдениетін қалыптастыруға және жастардың қоғамдық белсенділігін дамытуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1206486?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version