Ағымдағы жылдың 16 сәуірінде Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының бұйрығына сәйкес, жылдық жұмыс жоспарын орындау мақсатында семинар ұйымдастырылды.
Семинарға Департаменттің өнеркәсіптік және радиациялық қауіпті объектілерді бақылау бөлімінің, аудандық басқармалардың өнеркәсіптік және радиациялық қауіпті объектілерді бақылау саласына жауапты қызметкерлері қатысты.
Департамент қызметкерлері «Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығына енгізілген өзгерістерді түсіндірді.
Сондай-ақ санитариялық-қорғаныш аймағы жобаларын қарастырудың маңызды аспектілері, жобалық құжаттаманы «e-license» ақпараттық жүйесі арқылы өңдеудің бірыңғай алгоритмі, өндірістік нысандардың санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын талаптарды қатаң сақтау қажеттігі және халықтың өмір сүру ортасын қорғаудың өзектілігі талқыланды.
Бұдан бөлек, семинар қатысушылары жұмыс барысында кездесетін мәселелер бойынша тәжірибе алмасып, ортақ шешімдер мен ұсыныстар айтты. Сонымен қатар, қызметкерлердің білім деңгейін анықтау бойынша сауалнама ұйымдастырылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1206191?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау