Оралда үстел теннисінен Батыс Қазақстан облысы әкімінің Кубогі басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өңір үстел теннисшілері бәсекесінің саштанатты ашылуына БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов, облыстық мәслихат төрағасы, БҚО үстел теннисі федерациясының президенті Мурат Мұқаев қатысты.

🔹Жарыс басында Мұрат Мұқаев Орал қаласындағы Ақжайық шағын ауданында жаңа үстел теннисі орталығы ашылатынын жеткізіп, бұл қадам спорттың дамуына серпін беретінін атап өтті. Сонымен қатар, ағайынды Кенжеғұловтардың өңір үстел теннисі мектебінің мықтылығын Еуропада танытып жүргенін ерекше атап өтті.

Ал басқарма басшысы Бақдәулет Сәбитов үстел теннисі спортшыларының жетістігі жоғары екенін айтты. Сонымен қатар аталған спорт түрін одан да мықты деңгейге жеткізу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілетінін жеткізді.

Айта кетейік, жарысқа облыс аудандары мен Орал қаласынан барлығы 24 команда қатысуда.👍

Қатысушыларға сәттілік пен тартысты ойын тілейміз!✊
__
#bqo_sport

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-sport/press/news/details/1205835?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version