Астана қаласында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы Жол картасын іске асыру мақсатында дөңгелек үстел өтті. Шара Төтенше жағдайлар департаменті мен Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылды. Басты мақсат – Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ғылыми-білім беру әлеуеті мен практикалық тәжірибені ұштастыра отырып, білікті кадрлар даярлау және қауіпсіздік мәдениетін жаңа деңгейге көтеру. Кездесу аясында меморандум талаптарына сай бірлескен іс-қимыл жоспары бекітіліп, маңызды мәселелер бойынша ортақ шешім қабылданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1205836?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау