ҚАУІПСІЗ ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЫН ЖАСАУ БАҒЫТЫНДА КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Департамент басшысының орынбасары Б.Досымов пен еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы Б.Жұманов «Торғай Петролеум» АҚ-да еңбек ұжымы мен компанияға қызмет көрсетуші мердігер мекемелердің және медициналық ұйым өкілдерінің қатысуларымен еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуын ұйымдастыру, еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында мәжіліс өтті.
Жиын барысында Болат Досымов еңбек қауіпсіздігінің басты қағидасы жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартының маңыздылығын және қауіпсіздік ережелерін оқытуды тұрақты жүргізу, ұжымдық және жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуі, техникалық инспекторлардың жауапкершілігі және жұмыскерлерді жұмыс алдында медициналық қарап-тексеруден өткізу жұмыстарын атап өтті.
Сонымен қатар өндірістік жарақттанудың алдын алуда кәсіби тәуекелдерді бағалау жұмыстарын сапалы ұйымдастыру қажеттілігіне тоқталды.
Жиын қорытындысымен еңбек қауіпсіздігі бойынша ұсыныс-пікірлер тыңдалып, сұрақтарға жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-enbek/press/news/details/1205837?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version