Степногорск қаласында бокстан әлем чемпиондары жастармен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Степногорск қаласы прокуратурасының үйлестіруімен жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған кездесу өтті.

Іс-шараға бокстан әлем чемпиондары Айбек Оралбай мен Нұрбек Оралбай қатысып, жастармен өз тәжірибелерімен бөлісті. Олар жастарды спортпен шұғылдануға, салауатты өмір салтын ұстануға және құқық бұзушылықтан аулақ болуға шақырды.

Кездесу барысында заң талаптарын сақтау және жеке жауапкершіліктің маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Ақмола облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1205970?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version