Тағылы ауылдық округінде «Қазақстандық қоғамның құндылықтарын нығайту» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары барысында кездесу өткізілді
Іс-шара барысында Жастар ресурстық орталығының теолог маманы Смағұлов Жасұлан Манапұлы қатысушыларға діни сауаттылықты арттыру, қоғамдағы төзімділікті нығайту және діни саладағы заңнамаларды сақтау маңыздылығы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ деструктивті діни ағымдардың қауіптері туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Кездесу барысында көтерілген мәселелер қатысушылардың рухани құндылықтарға деген құрметін арттыруға, азаматтық жауапкершілікті күшейтуге және экстремизмнің алдын алу мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-tagyly/press/news/details/1205971?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау