Тағылы ауылдық округінде “Таза Қазақстан” акциясы аясында сенбілік өтті
Тағылы ауылдық округінде “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – елді мекен аумағын қоқыстан тазарту, қоршаған ортаның тазалығын сақтау және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру болды.
Сенбілік барысында ауыл көшелері, қоғамдық орындар, саябақ аумақтары тазартылып, тұрмыстық қалдықтар жиналып шығарылды. Округ тұрғындары мен мекеме қызметкерлері белсенді түрде қатысып, ортақ іске өз үлестерін қосты.
Мұндай экологиялық шаралар ауылдың санитарлық жағдайын жақсартуға ғана емес, тұрғындардың туған жерге деген жауапкершілік сезімін нығайтуға да ықпал етеді.
“Таза Қазақстан” акциясы аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-tagyly/press/news/details/1205956?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау