Мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев атындағы жасөспірімдер арасындағы республикалық футбол турнирі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті.
Бұл жарыс – жас буынның спортқа деген қызығушылығын арттырып, шеберлігін шыңдауға, сондай-ақ достық пен бірлікті нығайтуға бағытталған маңызды алаң болды. Елдің түкпір-түкпірінен келген командалар тартысты ойын өрнегін көрсетіп, жанкүйерлерге керемет әсер сыйлады.
Жас футболшылардың алаңдағы жігері мен қайсарлығы – болашақ чемпиондардың қалыптасып келе жатқанын айқын дәлелдеді. Осындай ауқымды турнирлер жас таланттардың ашылуына жол ашып, отандық спорттың дамуына үлкен үлес қосады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-talas/press/news/details/1205955?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау