Төтенше жағдайлардың алдын алу комиссиясының отырысы
20 сәуірде аудандық мәслихаттың мәжіліс залында аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырысқа комиссия төрағасы, аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев төрағалық етті.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе 2026 жылғы өрт қауіпті маусымына дайындық туралы, «Ауыл құтқарушысы» бағдарласының орындалуы жөнінде аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Мэлс Искаков баяндама жасады. Сонымен қатар, 2026 жылғы су тасқыны кезеңінің қорындысы жөнінде баяндама жасалды.
– Қаратөбе ауданының 2026 жылғы жұмыс жоспарына сай, сәуір айында Қаратөбе ауданы мен Сырым ауданы ерікті өрт сөндіру құрамаларының арасында дала өрттін сөндіруді ұйымдастыру тақырыбында далалык оқу-жаттығу өткізілді. Оқу-жаттығуды Қаратөбе ауылдық округ әкімі, ЕӨКЖ, құрал-саймандары және техникаларымен шығып жақсы деңгейде өткізді. Бұл далалық оқу-жаттығудың өткізу мақсаты ауданымызда күрделі далалық өрт болған жағдайда көршілес ауданның ӨСБ-нің және ЕӨҚЖ-н шакырта отырып, бірлесе отырып өртті сөндіру болып табылады. Шалғай орналаскан елді мекендерде өрттердің уақытылы сөндіруді қамтамасыз ету мақсатында Сулыкөл және Аққозы ауылдық округтерінде маусымдық мемлекеттік емес өрт сөндіру бекеттері 3 жыл мерзімге ашылып, 1 сәуірден бастап жұмыстарын бастады, – деді Мэлс Тілектесұлы өз баяндамасында.
Отытыста қаралған суға шомылу маусымында судағы адам өлімінің алдын алу, жазғы демалыс кезеңінде балалардың қауіпсіздігін қамтымасыз ету туралы аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Есенгүл Рабаева баяндап берді.
Күн тәртібіндегі аудан аумағындағы коммуналдық жағажайлар және басқада суға түсу орындарын ашу туралы мәселеге аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қанат Бадақов тоқталды.
2025-2026 жылғы қысқы және жылыту маусымының қорытындысы туралы аудандық тұрғын-үйкоммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қанат Мұқанов баяндады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-karatobe/press/news/details/1205873?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау