«Ertis» Жоғары инновациялық аграрлық колледжінде «Зоотехния» және «Агрономия» құзыреттіліктері бойынша WorldSkills Pavlodar-2026 кәсіби шеберлік конкурсы өтті. Оған облыстың аграрлық колледждерінің студенттері қатысып, өздерінің дайындық деңгейі мен практикалық дағдыларын көрсетті.
«Зоотехния» құзыреттілігі бойынша бас сарапшы ретінде Павлодар облысы ветеринария басқармасының басшысы Асылтас Тлеубаев, ал «Агрономия» құзыреттілігі бойынша Павлодар ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясының ғылыми хатшысы Наталья Жукова қатысты. Сонымен қатар конкурстардың өту барысымен «Talap» КЕАҚ WorldSkills қозғалысын басқару жөніндегі бас менеджері Арнур Жуматаев танысты. Ол колледжге келіп, студенттермен және оқытушылармен кездесті.
Конкурстық тапсырмалар нақты кәсіби жағдайларға барынша жақындатылып, практикалық міндеттерді орындауды қамтыды. «Зоотехния» құзыреттілігінде қатысушылар жануарларды сәйкестендіру, ірі қара малды бағалау, жемдерді талдау, микроклиматты анықтау, жабдықтарды дайындау және жануарларға көмек көрсету жұмыстарын орындады. Ал «Агрономия» құзыреттілігінде бағдарламa ситуациялық тапсырмаларды орындау, жеміс ағаштарын телу, дән көрсеткіштерін анықтау және топырақ қасиеттерін зерттеуді қамтыды.
Бағалау барысында қауіпсіздік техникасы мен жеке гигиена талаптарын сақтау, тапсырмаларды орындаудың дәлдігі мен реттілігі, нәтижелерді интерпретациялау қабілеті және белгіленген уақыт аясында жұмыс істеу ескерілді.
Конкурстарды өткізу студенттер арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік беріп, аграрлық саладағы болашақ мамандарды даярлау сапасының жоғары деңгейін көрсетті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1205872?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау