Жаңа тасымал бағыты: Қазақстан Моңғолияға вагон экспорттауды қолға алмақ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 21 сәуірде Моңғолия делегациясының Қазақстанға ресми сапары аясында елордада отандық өндірістегі теміржол вагондарын Моңғолияға жеткізу туралы алғашқы экспорт келісімшартқа қол қойылды.

Келісімге сәйкес жеткізуші – жүк вагондарын өндіретін ірі кәсіпорын «Атырау вагон жасау зауыты» (АВЖЗ).

Құжат талаптарына сай, люкті жартылай вагондардың алғашқы 100 бірлігі келісім жасалған күннен бастап бір ай ішінде Mongolian Ore Bal LLC компаниясына жөнелтіледі.

Келісімнің болжамды құны шамамен 10 млн АҚШ долларын құрайды.

АВЖЗ (TEXOL компаниялар тобының құрамына кіреді) – 1520 мм табанға және еуропалық нарыққа арналған инновациялық өнімдерге бейімделген, толық өндірістік циклді қамтитын заманауи әрі жоғары тиімді теміржол вагондарын шығаратын кәсіпорын.

  • Жартылай вагондар (соның ішінде жүк көтергіштігі жоғары үлгілер);
  • Контейнерлік платформалар (оның ішінде 13-6741 үлгісіндегі буынды модельдер);
  • Мұнай өнімдеріне арналған көлемі 94 м³ цистерна вагондар;
  • Сұйытылған көмірсутек газына (СКГ) арналған көлемі 163,1 м³ цистерна вагондар.

Қазіргі уақытта АВЖЗ зауытының бірінші кезеңінің құрылысы толық аяқталды. Жақын арада заманауи салалық ғылыми-зерттеу және сынақ орталығын ашу жоспарланып отыр. АВЖЗ-ның жобалық қуаты – жылына 8 000 вагон.

Атырау қаласындағы жаңа индустриялық кластерге салынған инвестициялар көлемі шамамен 400 млн АҚШ долларын құрайды.

Компания вагондық логистиканы ұйымдастыруда, оның ішінде делдалдық, теміржол вагондары мен ауыр тау-кен жабдықтарын сатып алу және жеткізу саласында айтарлықтай тәжірибеге ие.

Сондай-ақ құрамында шамамен 18 миллион тонна темір рудасы бар кен орнын пайдалануға лицензия алған.

Қазіргі өндіріс көлемін ескере отырып, теміржол арқылы тасымалдауға ай сайын шамамен 20 пойыз құрамы, яғни 1000 вагон көлемінде қажеттілік туындайды.

Mongolian Ore Bal LLC Қазақстаннан өнім жеткізуді де табысты жүзеге асырып отыр. Атап айтқанда, дәнді дақылдар (бидай), майлы дақылдар (рапс, зығыр) және өнеркәсіптік техника импортталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/comprom/press/news/details/1205780?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version