Жезқазғанда полицейлер ер адамды жанып жатқан пәтерден алып шықты

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Таңғы сағат 06:24 шамасында кезекші бөлімге Бейбітшілік көшесіндегі үйлердің бірінің пәтерінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына патрульдік полиция ротасының инспекторлары, жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері және жедел-тергеу тобы шұғыл жетті. Көпқабатты тұрғын үйдің жоғарғы қабаттарын қою түтін басқанын байқаған полиция қызметкерлері дереу эвакуациялық шараларды ұйымдастырды. Тәртіп сақшылары пәтерлерді аралап, тұрғындарды қауіпсіз жерге шығарған. Сақшылар өрт шыққан пәтерді тексеру барысында ес-түссіз жатқан азаматты анықтады. Уақыт жоғалтпай, дереу қауіпсіз жерге шығарды. Кейін құтқарылған азамат медицина қызметкерлеріне тапсырылды. Полиция қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында қайғылы оқиғаға жол берілмеді.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.
Заң мен тәртіп — әр азаматтың қорғаны.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-ulytau/press/news/details/1205778?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version